19.02.2026, 11:30
Оқылды: 62

Жүрсін Ерман «Қазақстанның Халық жазушысы» атағына ие болды

Айтыс өнерінің жанашыры, көрнекті қаламгер, ақын және қоғам қайраткері Жүрсін Ерманға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы берілді.

_gluster_2026_2_18_b97fc3ab86066c961acb6569b448d26c_1280x720

Марапат ұлттық әдебиет пен айтыс өнерін дамытуға сіңірген ерен еңбегі үшін табысталды. Құрметті атақ ақынның 75 жасқа толған мерейтойында салтанатты түрде тапсырылды.

Бұған дейін Жүрсін Ерман «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болып, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығымен екі мәрте марапатталған.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале