9.02.2021, 16:59
Оқылды: 47

Жүрсінге арналған кеш

Бүгін Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы мен халықаралық «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағы» облыстық филиалының ұйымдастыруымен, облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен аталған орталықта ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманның 70 жасқа толатын мерейтойына арналған кеш өтті.

жур1

«Ұлытаудың ұлымын» деп аталатын әдеби-сазды кешті Қадыр орталығының директоры Бауыржан Халиолла ашып, Жүрсін ақын туралы жылы лебізін білдіріп сөз сөйледі.

Шара барысында Жүрсін Ерманның сөзіне жазылған Бауыржан Халиолланың «Тұсаукесер» әнін Ернар Өмірәлі орындады.

жур2

Сондай-ақ ақынның «Мұқағали Мақатаев», «Өз үйім» өлеңдерін Айнабек Бисенғалиев, Эльдар Ихсанов мәнерлеп оқыды.

жур3

Сол сияқты Ж.Ерманның өлеңіне жазылған композитор Сейітқали Қайырғалиевтің «Келді көктем» әнін Диана Төлешева шырқаса, ақынның сөзіне жазылған Марат Ахметовтың «Жалт-жұлт етіп көшеді жарық ғалам» әнін Әділ Ахметов домбырамен орындады. Ал Бекболат Қаленов ақынның «Айтыс» өлеңін нақышына келтіре оқып берді.

жур6

                                               Нұрымбек Өтей,

                                                           zhaikpress.kz

                Кештің толығырақ нұсқасын облыстық «Орал өңірі» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале