Бүгінде тарих қойнауынан орын алып үлгерген былтырғы кәбиса жылында шалғайдағы Казталов ауданының тұрғындары біраз ауыртпалықты бастарынан кешірді. Ең басты қиындық – көктем кезінде жер көктемей, көтерілмей қалды. Оның соңы аудан аумағында құрғақшылықтың орын алуына әкеліп соқтырды. Сарыөзен мен Қараөзеннің аралығын емін-еркін жайлаған еңбеккер ел-жұрттың басты шұғылданатын кәсібі – мал шаруашылығы болғандықтан, теріс табиғи факторлар жем-шөп тапшылығын туғызды.
Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 18 мамырдағы №40 санындағы Казталов ауданының құрметті азаматы, ардагер журналист Темір Құсайынның «Жусан иісі» атты мақаласынан оқи аласыздар!
zhaikpress