6.12.2023, 12:45
Оқылды: 44

Жүзуден Қазақстан кубогі: алғашқы жарыс күнінде үш рекорд жаңарды

4 желтоқсан Талдықорғанда жүзуден Қазақстан кубогі басталды.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

1701827321

Турнирге Қазақстанның барлық аймағынан спортшы қатысып жатыр. Ұлттық құрама мүшелері де өз шеберіктерін көрсетті.

Атап айтар болсақ, Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты (26.63).

Әділбек Мусин де аталған қашықтықта ел рекордына түзету енгізді (22.89).

Ксения Игнатова 200 метрге еркін әдіспен жүзуде 1.58.78 көрсеткішімен Қазақстан рекордын жаңартты.

Айта кетейік, жарыс 8 желтоқсанға дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале