22.10.2022, 11:17
Оқылды: 48

Жыл басынан бері 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 қазандағы жағдай бойынша 13 362 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алғанын мәлімдеді. 1991 жылдан бері барлығы 1 миллион 101,2 мың этникалық қазақ елге оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
30ff1b9e824f4165bc03014981a41cd7

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биыл келген қандалардың жартысынан көбі (68,7%) Өзбекстаннан, 10% Қытайдан, 7,9% Түркіменстаннан, 4,6% Моңғолиядан және 8,8% басқа елдерден екенін айтты.

Тарихи отанына келгендер негізінен Алматы облысын (29,9%), сонымен қатар келгендердің 16,7%-ы қоныстанған Маңғыстау облысын, Түркістан (9%) және Жамбыл (6,5%) облыстарын, Астана (7,8%), Шымкент (7,3%) және Алматы (5,8%) қалаларын таңдайды.

Бұл ретте этникалық көшіп-қонушылардың 58,7%-ы - еңбекке жарамды жастағы адамдар, 27,5%-ы - еңбекке жарамды жастан кіші адамдар, 13,7%-ы - зейнеткерлер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале