25.12.2023, 9:00
Оқылды: 41

Жыл басынан бері 4,6 миллион гектар бос жатқан жер мемлекетке қайтарылды

Жыл басынан бері 4,6 млн га бос жатқан жер мемлекетке қайтарылды.

жп дала (4)

Биыл ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 8,2 трлн теңге болды. 16,6 млн тонна дәнді дақылдар, 2,1 млн тонна майлы дақылдар және 5 млн жем-шөп дақылдары жиналды.

Қазақстанның мал шаруашылығы саласы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Өнім өндіру көлемі 3,3%-ға артып, 3,8 трлн теңгені құрады. Азық-түлік өндірісінің көлемі 1,9%-ға өсіп, 2,9 трлн теңгені құрады.

Пайдаланылмай жатқан және заңнама талаптарын бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша жұмыс жалғасуда. 2023 жылы мемлекетке 4,6 млн га, ал 2022 жылдың басынан бері 10 млн га қайтарылды.

Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға барлық көздерден шамамен 500 млрд теңге бөлінді.

qazaqstantv

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале