12.03.2025, 10:15
Оқылды: 158

Жыл басынан бері 97 мыңға жуық адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 97 мың қазақстандық қатысты. 101,2 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 30,2 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты хабарлады.

6ead41b96ad0165d0ba427923a80c278_1280x720

Сурет: gov.kz

Субсидияланатын жұмыс орындарына 71 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 5,3 мың адам, жастар практикасында 3,2 адам, қоғамдық жұмыстарда 56,4 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 6,1 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 41 жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 18,8 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 17,6 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 6,8 мың адам қамтылды, оның ішінде 3,7 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқытуға 49 адам жіберілді.

Қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 63,7 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 572 800 теңге) мөлшерде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале