Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 86,2 мың этникалық қазақ оралды.
Осы жылдың басынан бері қандастардың жартысынан көбі (76,3 пайыз) Қазақстанға Өзбекстаннан келген, 9,5 пайыз - Қытайдан, 6,1 пайыз -Түрікменстаннан, 2,5 пайыз - Моңғолиядан және 5,5 пайыз басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен, Алматы (28,3 пайыз), Түркістан (13,4 пайыз), Маңғыстау (19,1 пайыз) және Жамбыл (8 пайыз) облыстарына, сондай-ақ, Шымкент (10,5 пайыз) қаласына қоныстанды.
Ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55 пайызды, еңбекке қабілетті жастан кішілері 28,1 пайызды және зейнеткерлер 16,8 пайызды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,1 пайызы жоғары білімді, 40,1 пайызы орта кәсіби білімді, 45,5 пайызы жалпы орта білімді және 3,4 пайызында білімі жоқ.