10.11.2021, 10:15
Оқылды: 50

Жыл басынан бері Қазақстанның сыртқы сауда тауар айналымы 72,8 млрд доллардан асты

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев елімізде өңделген тауарлар экспорты ұлғайғанын айтты.

4

«Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында сыртқы сауда тауар айналымы 72,8 млрд долларын құрап, оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 43,3 млрд долларына дейін жетті. Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 25,5%-ға өсіп, 14 млрд долларға дейін жетті», - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Спикердің айтуынша, биыл тауарлар импорты 29,5 млрд долларды құраған.

«Жалпы, оң сауда балансы өткен айға қарағанда 1,8 млрд долларға өсіп, 13,8 млрд долларға жетті», - деді Ә. Ерғалиев.

Бұған дейін министр биылғы 10 айдағы еліміздің экономикалық дамуы туралы баяндаған еді.

Биылғы қаңтар-қазан айларында Қазақстан экономикасының өсу көрсеткіші 3,5%-ды құрады. Осы кезеңде негізгі трендтер бойынша қызмет көрсету секторындағы өсу қарқынының жеделдеуі, өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс салаларының экономиканың өсуі мен тұрақтылығының драйверлері болып қала беруі, экспорттың жоғары өсім динамикасы, өндіруші емес секторлардағы жоғары инвестициялық белсенділіктің сақталуы байқалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале