6.10.2023, 9:15
Оқылды: 45

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 18 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғаған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 1 қазандағы мәліметке сүйенсек мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 827 кәсіпорны 20,6 мың жұмыскерге 5,9 млрд. теңгеден астам жалақы бойынша берешек екенін анықтады.

енбек

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 127 нұсқама беріліп, 134,9 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,2 млрд теңге төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале