25.12.2023, 15:00
Оқылды: 52

Жыл қорытындысы: азық-түлік қауіпсіздігі және АӨК-ті дамыту, жаңа өндірістер және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау

Ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларының бірі. Мемлекет жыл сайын АӨК-ті қолдауға қомақты қаражат бөледі, шаруалар оны субсидиялар, жеңілдетілген несиелер және қолжетімді ауыл шаруашылығы техникасы түрінде алады.

Untitled

Саланы одан әрі дамыту аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс көлемін ұлғайту және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттыру бойынша стратегиялық міндеттер қойды.

ҚР Президенті халыққа Жолдауында: «Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70%-ға жеткізуіміз керек», — деген болатын.

Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Үкімет АӨК-ті дамытудың бірқатар жаңа бағдарламасын іске асыра бастады, олар аталған бағытта жақсы серпіліс жасауға септігін тигізеді.

Primeminister.kz редакциясы ауыл шаруашылығы саласының дамуының 2023 жылғы нәтижелеріне арналған шолуды ұсынады.

Ауыл шаруашылығы

● Осы жылдың 11 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 8,2 трлн теңге болды. 16,6 млн тонна дәнді дақылдар, 2,1 млн тонна майлы дақылдар және 5 млн жем-шөп дақылдары жиналды. Өткен жылдан ауысқан қорды есептегенде, жиналған өнім ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге жеткілікті.

● Қазақстанның мал шаруашылығы саласы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Осы жылдың 11 айында өнім өндіру көлемі 3,3%-ға артып, 3,8 трлн теңгені құрады.

● Ірі қара мал басы 2,9%-ға (9 млн бас), ұсақ мал басы 4%-ға (23,6 млн бас), жылқы 8,3%-ға (4 млн бас), түйе 5,3%-ға (277,6 мың бас), сондай-ақ құс 9,5%-ға (54 млн бас) өсті.

● Азық-түлік өндірісінің көлемі 1,9%-ға өсіп, 2,9 трлн теңгені құрады. Атап айтқанда, сары май өндірісі 18,4%-ға (28,7 мың тонна), ірімшік пен сүзбе өндірісі 9,3%-ға (39,8 мың тонна), өңделген сүт өндірісі 3%-ға (548,1 мың тонна), шұжық өнімдерінің өндірісі 1,9%-ға (61,4 мың тонна), өсімдік майы өндірісі 1%-ға (609,4 мың тонна) ұлғайды.

● Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы АӨК саласындағы ірі өнеркәсіп жобаларын іске асыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін басқа өңірлерге тарату мақсатында ауқымды жұмыс басталды.

Аталған мақсаттарға 100 млрд теңге бөлінді, бұл 65 тауарлы сүт фермасының құрылысын қаржыландыруға және сүт өндіру көлемін кемінде 373 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2024 жылы бағдарламаны іске асыруға қосымша 100 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр.

Толығырақ: primeminister.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале