Бүгін облыс әкімі А.Көлгіновтің қатысуымен «Жыл үздігі - 2017» Батыс Қазақстан облысы жастарының сыйлығын табыстау рәсімі өтті.
Он жыл көлемінде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан байқауға облыстан 1000-ға жуық жас қатысып, 165 жас «Жыл үздігі» атанды. Аталмыш жастар сыйлығы арқылы облысымыздың белсенді жастарының, студенттер, ұйым жетекшілері, көшбасшылар, әр саладағы жас кәсіби шебер мамандардың ел өміріне қосқан үлестері мен жетістіктері еленіп, жаңа есімдер анықтауда.
Биыл «Жыл үздігі-2017» байқауында 12 аталым бойынша жастар сыйлығы ұсынылды. Байқау қорытындысында төмендегі жастар келесідей аталымдар бойынша марапатталды.
«Үздік жас көшбасшы»- Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенті Мөлдір Сапар
«Үздік студент» - М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті Зердегүл Мүсірепова
«Үздік жас ұстаз» - тасқалалық ұстаз Марс Мақсот
«Үздік жас ғалым» - Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғылыми кеңесінің мүшесі, магистрант Серік Бакиев
«Үздік жас өнерпаз» - А.Н.Островский атындағы облыстық драма театр актері Руслан Жұмахметов
«Үздік жас дәрігер» - Санкт-Петербург медициналық академиясының түлегі Тимур Багвашев
«Үздік жас спортшы» - шорт трекші Нұрберген Жұмағазиев және жас спортшы Анита Нагай
«Үздік жас тілші» - "Ақжайық" телеарнасының тілшісі Нина Павлычева
«Үздік мектеп көшбасшысы» - 20-мектеп оқушысы Камила Əділова
Арнайы атылымдар:
«Қайсарлығы мен батылдылығы үшін» - БҚО ТЖД құтқарушысы Рүстем Губашев
«Мейірім» - бейтаныс қызды құтқарған Абзал Əділов
«Жыл жаңалығы» - продюсер, "Қайыр" қайырымдылық қорының директоры Алпамыс Шаримов.
Шарада сонымен қатар ізденімпаз жастарға облыс əкімінің гранты тапсырылды. Бұндай грант 190 студентке тағайындалды.
Айта кетейік, үздіктер арнайы комиссия отырысында анықталды.
zhaikpress.kz
Суреттер Айбатыр Нұраштікі