15.10.2021, 10:40
Оқылды: 39

«Жыл волонтері»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша дәл осындай атаумен халықаралық сыйлық тағайындалды. Соған орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі байқау өткізеді.

78F1C0EB-2FE3-4FC3-8087-8551EE0F6B6D

Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлер тобын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған.

Байқауға үміткерлер әлемнің түк-пір-түкпірінен қатыса алады. Ол үшін qazvolunteer.kz интернет-платформасында өтінім беріп, волонтерлік қызметі туралы деректерді толтыру қажет. Өтінімдерді қабылдау 1 қазан мен 20 қазан аралығында жүргізіледі.

Байқау екі кезеңде өтеді:

бірінші – qazvolunteer.kz интернет-платформасында ашық онлайн-дауыс беру;

екінші – ең көп дауыс жинаған және екінші кезеңге өткен қатысушыларды конкурстық комиссия бағалайды.

Нәтижесінде төмендегі аталымдардың әрбірі бойынша үш үміткер жеңімпаз болып анықталады:

  • «Үздік волонтерлік ұйым»
  • «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»
  • «Коронавирустық инфекциямен күреске қатысқаны үшін»
  • «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары»
  • «Үздік әлеуметтік көмекші»
  • «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»
  • «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»
  • «Құқықбұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»
  • «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін»
  • «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»
  • «Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін»
  • «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін»
  • «Бейбітшілікті, достық пен келі-сімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»
  • «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»
  • «Зоологиялық қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»
  • «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидалары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылған.

Конкурстың толық шарттарымен https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/77386?lang=kk сілтемеде  танысуға болады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале