12.04.2022, 15:15
Оқылды: 76

Жылыту маусымы аяқталды

Өңірімізде жылу беру маусымы аяқталды. Соған орай облыс әкімі Ғали Есқалиев қысқы жылыту маусымында уақытпен санаспай еңбек еткен  «Жайықжылуқуат» АҚ-ның ұжымымен кездесіп, алғысын айтты. Сондай-ақ ол Орал қалалық жылу электр орталығындағы (ТЭЦ) сумен қамтудың айналмалы жабдықтау жүйесін қайта құруға арналған жобаның жүзеге асу барысын да тексерді.

WhatsApp Image 2022-04-12 at 14.10.22

«Жайықжылуқуат» АҚ Орал қаласындағы көпқабатты 1206 тұрғын үй мен 185 әлеуметтік нысанға жылу жібереді. 23 жылу қазандығы қыс бойы үздіксіз жұмыс істеді. Кәсіпорында 986 жұмысшы болса, оның 350-і төрт ауысым бойынша еңбек еткен ЖЭО-ның (ТЭЦ) қызметкері.

WhatsApp Image 2022-04-12 at 14.10.22 (1)

– Қыс мезгілінде үйдің жылы болуы тұрғындар үшін үйреншікті жағдай. Алайда сіздердің, «Жайықжылуқуат» АҚ қызметкерлерінің қақаған қыста, сарышұнақ аязда атқарған жұмысы аз болмады. Соның нәтижесінде биыл жылыту маусымы апатсыз өтті. «Жайықжылуқуат» АҚ облыстағы энергияның 25 пайызын өндіріп, 200 шақырымнан астам жылыту жүйесі мен 23 қазандықты күтіп-ұстайды. Бұрын кәсіпорынға облыс қазынасынан жылына 1 млрд теңгеге жуық субсидия бөлінетін. Соңғы екі жылда кәсіпорын бюджеттен қаржы алмай, өз шығынын өзі өтеуде. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз,- деді өңір басшысы ұжыммен кездескенде.

WhatsApp Image 2022-04-12 at 14.10.23

"Жайықжылуқуат» АҚ директоры Қуат Мусиннің айтуынша, сумен қамтудың айналмалы жабдықтау жүйесінің құрылысы биыл жыл аяғына дейін аяқталмақ. Нысан іске қосылғанда 4 млн текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік болады.

WhatsApp Image 2022-04-12 at 14.10.24 (1)

WhatsApp Image 2022-04-12 at 14.10.24

  Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале