Өзіңізге пәтер сатып алдыңыз ба? Оны жылдам рәсімдегіңіз келе ме? Енді ХҚКО қызметкерлері жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілесін өздері жасайды.
Ол үшін сатушы мен сатып алушы өздеріне ыңғайлы кез келген ХҚКО-ға жүгінуі қажет.
Өзіңізбен бірге жылжымайтын мүлікке және жеке басын куәландыратын құжаттарыңыз болуы керек. Жеке тұлғалар үшін мәміленің бағасы 8 500 теңге, ал мемлекеттік БАЖ 1 203 теңгені құрайды.
Мәміле кезінде қолтаңбалар тексеріледі.
Толық рәсімдеу бір күн ішінде орындалады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"
БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі