26.07.2021, 23:15
Оқылды: 305

Зиянкес жәндіктерден сақ болыңыз!

Жазда  тұрғындардың  дені  бос  уақытын  далада  өткізеді.  Табиғат  аясына    шығып,  қаланың  саябақтарында  демалуға  тырысады.  Өкінішке  орай,  бұл  маусымда  белсенділік  танытатын  қауіпті  жыландар  мен  жәндіктер  демалуға  кедергі  келтіруі  мүмкін.  Өйткені  олардың  ағзасында    уландырғыш  сұйықтық  бар.  Егер  олар    адамды  жазатайым  шағып  алса,  зардап  шегушінің  денсаулығы  күрт  нашарлауы    мүмкін.  Тіпті  анафилактикалық  шок  алып,  өліп  кетуі  де  ғажап  емес.    Осы  орайда  сала  мамандарымен  тілдесіп,  улы  жыландар  мен  жәндіктер  шаққан  кездегі  алғашқы  көмек  төңірегінде  білген  едік. 

medicina

Жылан  шаққанда   не  істеу  керек?

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті  «Апаттар медицинасы орталығы» ММ  о блыстық филиалының фельдшері Зергүл Құрманғазиеваның айтуынша, жылан шаққан жердің төңірегі жылдам домбығады. Удың әсерін қайтару үшін алғашқы 15 минут ішінде үздіксіз сору қажет. Бұл зардап шегушінің ағзасынан удың 50%-ын жоюға көмектеседі екен. Ол үшін жараны саусақпен басып, уды ауызбен қатты сору қажет. Егер зардап шегуші жалғыз болса, уақыт өткізбей, уды өзі сорғаны абзал.  Бір ескеретін жайт, уды соратын адамның аузында жара, ойық немесе тістері бүлінген болмауы маңызды. Қанды сұйықтықты жиі-жиі түкіріп отырыңыз. Егер сілекей аз болып немесе ерінде, ауыз қуысында жаралар болса, ауызға аз мөлшерде су алып (су умен араласып), 15 минут аралығында тоқтамай уды сорып алу қажет.

Гүлсезім  Бияшева,

Мақаланың толық нұсқасын облыстық «Орал өңірі» газетінің 27 шілдедегі  №60 санынан оқи аласыздар.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале