Осы орайда Жаңақала ауданына қарасты «Ленин» және «Сары өзен» колхоздары сонау шеттегі Оңтүстік Қазақстанға қоныс аударатын колхоздар қатарына жатқызылды.
Осылайша оңтүстікке жөнелтілетін мал басынанықтау мақсатында «Ленин» колхозындағы шаруашылықтардың мал саны есебі жүргізілді.
Нәтижесінде «Ленин» колхозында 690 бас сиыр болса, оның 350 басы сауын сиырлары, 100-і өгіз, 265-і жылқы, оның ішінде 55 құлын, 68 түйе, 3 530 қой, 1 357 ешкі анықталып, есепке алынды.
Ал «Сары өзен» колхозындағы шаруашылықтардағы мал саны 950 бас сиыр, оның ішінде 245 сауын сиыр, 210 өгіз, 192 жылқы, оның ішінде 32 құлын, 37 түйе, 3 109 қой, 2 645 ешкіні құрады.
Жаңақала ауданының жоғарыдағы екі колхозынан оңтүстікке 1 640 бас сиыр, 457 бас жылқы, 105 түйе, 6 729 қой, 4 002 ешкі малы жөнелтілуі тиіс болды.
Зулхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz