9.11.2022, 16:30
Оқылды: 80

Зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде кеңес өтуде

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынаста 13 қылмыс тіркелген. Оның ішінде 2 факт кісі өлтіру, 5-еуі денсаулыққа ауыр зиян келтірген, ал 4-еуі денсаулыққа орташа зиян келтірген. Бұл туралы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі жөніндегі кеңесте облыс әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді.

IMG-20221109-WA0052

Кеңесте тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты сала мамандары баяндама оқыды.

- Отбасындағы зорлық-зомбылық әлемнің бүкіл елінде болған, әлі де бар проблема. Осы проблеманың уақытында алдын алу шараларын 2009 жылғы 4 желтоқсандағы "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргіземіз. Заңнамаға сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, жыныстық және экономикалық зорлық-зомбылық түрінде көрінуі мүмкін.

Тек биыл облыста тұрмыстық зорлыққа қатысты 13 қылмыстық істің тіркелгені айтылды. Жыл басынан полиция департаментінің пультіне тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 3 299 дабыл түсті.

Түскен хабарламалардың 44,5%-ына полиция шара қолдана алмады. Өйткені полиция қызметкерлері оқиға орнына келген уақытта жәбірленушілер арыз жазудан бас тартқан.

Мұндай жағдайда біз жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық әңгіме жүргіземіз. Биыл отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқығы бұзылған 1 831 адамға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды. Әрқайсысына қатысты жинақтау іс жүргізіліп, 30 тәулік бойы мінез-құлқы мен өмір сүру салтын бақыладық, - дейді БҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқарма бастығы Мерхат Аженов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале