21.11.2025, 18:42
Оқылды: 37

Еңбегі еленген нәзік жандыларға арналған құрмет кеші

Бүгін Орал өңірінде ерекше мазмұнға толы іс-шара өтті. «Ақжайықтың Асыл арулары» клубы Кеңесінің бастамасымен аймақтың қоғамдық өміріне, рухани дамуына, өндіріс пен білім, мәдениет салаларына өлшеусіз үлес қосқан еңбек сіңірген әйелдерді ұлықтауға арналған дәстүрлі кездесудің кезекті отырысы ұйымдастырылды.

Клубтың құрылу мақсаты – Жайық өңірінде туып-өсіп, ерен еңбегімен, белсенді өмірлік ұстанымымен, басшылық және жауапты қызметтерде ерекше жетістіктерге жеткен, бүгінгі таңда облыс пен республика деңгейінде құрмет пен абыройға ие танымал әйелдердің есімін халыққа кеңінен таныту, олардың еңбегін дәріптеу, өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету.

Фотоға түсірген: Бекзат Қанәділ

жиналыс әйелдер (1) жиналыс әйелдер (2) жиналыс әйелдер (3) жиналыс әйелдер (4) жиналыс әйелдер (5) жиналыс әйелдер (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале