20.11.2025, 14:14
Оқылды: 33

«Қызығушылық менің өмірлік кәсібім мен миссияма айналды»

Нұрбол Қырықбаев Оралда дүниеге келген.
- Бала кезден техника мен компьютерлік технологияларға қызығушылығым жоғары болды. Сол қызығушылық кейін менің өмірлік кәсібім мен миссияма айналды, - дейді «Мамандар галереясының» кезекті кейіпкері.

2017 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, физика – математика факультетінің «Информатика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Биыл осы оқу орнында «Информатика» мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

- Оқу барысында ІТ саласының түрлі бағытымен танысып, робототехника мен дрон технологиялары саласын дамытуды мақсат еттім.

Қазіргі уақытта Оралдағы Оқушылар сарайында робототехника және дрон басқару саласында қосымша білім беру педагогы және Ғылыми техникалық бөлім басшысы болып қызмет атқарамын. Осы салада 2018 жылдан бері «Робототехника» үйірмесінің жетекшісі болып, оқушыларға роботтар құрастырумен бағдарламалауды үйретіп, еңбек етіп келемін.
Биылғы оқу жылында ЖИ, дрондарды басқару, 3Д модельдеу, компьютерлік архитектура, бағдарламалау, мобильді қосымша веб-сайттар жасауды үйрететін тегін үйірмлер ашып, 400-ден астам оқушыны қамтып оқытудамыз. Бұл үйірмелердің негізгі мақсаты – оқушыларға IT-технологияны үйрету арқылы ғылыми-техникалық бағыттағы креативті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру, - дейді маман.

Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов

жп техно (3) жп техно (4) жп техно (5) жп техно (6) жп техно (7) жп техно (2) жп техно (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале