Бүгін «Qazaq village» жобасында ауылдағы шағын музеймен таныстырмақпыз.

Музей жетекшісі Жәнібек Әбілпейісов ауыл тарихы және музейдегі жәдігерлерді таныстырып берді.

Ақжайық ауданы Атамекен ауылындағы «Жерұйық» тарихи-өлкетану музейі.
Бұл ауылдың бұрынғы атауы – Антоново. Патша заманында қазақтарды Жайыққа жолатпау мақсатында салынған форпосттардың ішіндегі негізгілерінің бірі болған. Оған дәлел музейдегі Орынбор архивінен алынған ауылға қатысты бұйрықтардың көшірмелері. Ауылда жазалаушы атты әскер жасағы мекен еткен.

Шарап жасау зауыты, кірпіш күйдіру зауыты, ұстахана және түрме болған.
1783 жылы желтоқсан айында Антонов форпостында Сырым батыр казак-орыстар қолына түскен.
1841 жылы Махамбет ақынды Калмыков түрмесінен Орал қаласына алып бара жатқанда осы ауылдың түрмесіне бір күн қондырып алып кеткен екен.
Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов
