Форумға Қазақстан мен Ресей Президенттері онлайн қатысады деп күтіліп отыр.
Форумға мемлекеттік органның басшылары, бизнес өкілдері, білім мен ғылым саласының өкілдері қатысуда.
Форум аясында цифрландыру, көлік және логистика, атомдық және дәстүрлі энергетика саласында маман даярлау мәселесі талқыланады.
Екі ел арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумы 2008 жылдан бері өтіп келеді.
Алғашқы рет Орынбор қаласында өткен форум осымен 21-ші рет Оралда өтіп жатыр.
Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов
