18.08.2023, 10:05
Оқылды: 127

Кәсіпкерлерге қате төленген төлемдер қайтарылды

Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мониторинг шеңберінде кәсіпкерлерге бюджетке қате төленген төлемдерді қайтарып берді.

ЖП ақша

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап) қоршаған ортаға ең аз теріс әсер ететін кәсіпорындар (IV санаттағы операторлар) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдерді төлеуден босатылды.

Алайда IV санаттағы операторларға жататын 142 кәсіпкерлер жоғарыда аталған төлемдерді төлеуді жалғастырған.

Облыстың Мемлекеттік кірістер басқармалары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша барлық кәсіпкерлерге төлемдерді қайтарды немесе төлемдер міндетті салықтардың басқа түрлеріне есептелді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале