Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылдың 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеудің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресті жалғастыру қажет» - деп атап өтіп, құзырлы Агенттік жыл соңына дейін орта мерзімді кезеңдегі іс-қимылымыздың бағдарламасын айқындайтын стратегиялық құжатты бекітуге ұсынуы керек» - деп нақты тапсырма берген болатын.

Сонымен қатар, Жолдауда Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға айрықша назар аударылғандығы баршаңызға мәлім.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың 88-тармағына сәйкес, Агенттікпен Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын дайындалды.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың пәрменді моделі қалыптасты, ол қоғамның сұраныстарына қарай, Ұлттық және озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, ұдайы жетілдіріліп отырады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заңның қабылдануымен 2015 жылдан бастап алдын алу және қылмыстық-құқықтық құралдардың теңгерімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының ауқымды жүйесі құрылды.
2020 жылы бюджет шығыстарының жалпы сомасында мемлекеттік сатып алу үлесі 35%-ды құрады, бұл Қазақстанның ЖІӨ құрылымында 7%, мұның өзі нарыққа айтарлықтай елеулі экономикалық ықпал жасалатынын көрсетеді.
Бюджет қаражатының мұндай айналымы мемлекеттік сатып алу жүйесінің сыбайлас жемқорлықтық тартымдылығын күшейтеді. Әрбір бесінші сыбайлас жемқорлық қылмысыосы салада жасалған.
Мемлекеттік сатып алудың едәуір бөлігі мемлекет қатысатын компаниялар арасында баламасыз бөлінеді, бұл осы институтты шағын және орта бизнесті дамыту үшін пайдалану мүмкіндігін төмендетеді.
Бизнес үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу бойынша бірқатар шаралар ұсынылады.
Бұл келісім-шарттардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелер, компаниялардың бенефициарлық меншік иелерінің ашықтығы, контрагенттердің адалдығын бағалау және ықтимал сыбайлас жемқорлық мәмілелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиті.
Бюджеттік субсидиялардың экономикалық тиімділігін арттыру үшін әлеуметтік маңызы бар салаларды жан басына қаржыландыру арқылы ақша адамның соңынан ереді қағидатын одан әрі дамыту маңызды.
Бөлінген сәттен бастап игерілгенге дейін «ақшаны бояу» қағидаты бойынша бюджет қаражатын сүйемелдеуді енгізу ұсынылады.
Біз үшін аталған құжатты дайындауда мемлекеттік органдардың, әр азаматтық қоғам және бизнес өкілдерінің пікірі маңызды.
Р.С.Ақмырзаев,
БҚО Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет басшысы
Суреттің дереккөзі: Іле таңы