17.11.2022, 16:36
Оқылды: 168

Сыбайлас жемқорлықты жою: білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

2022 жылғы 17 қарашада «Ақ ниет» №42 гимназиясы» КММ білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мақсатында білім беру ұйымдарының директорларымен кеңес өткізілді.

IMG_8202 (1)

Шараға Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов, БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының басшысы Біржан Хайруллин, қалалық білім бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова қатысты.

Еліміздің білім беру саласы сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың бірі болып табылады. Білім саласындағы жемқорлықтың жоғары деңгейіне назар аудара отырып, осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін елеулі шаралар қабылдануда.

Аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында білім мекемелерінде «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» жобалары жүзеге асырылуда.

«Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» ерікті клубтарының негізгі мақсаты –сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру болып табылады.

Мемлекет басшысының 2022 жылдың 2 ақпандағы №802 Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.

Кең қоғамдық қолдау болмаса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі күш-жігер сәтсіздікке ұшырайды. Бұл тұрғыда тиісті мәдениетті қалыптастыру елеулі рөл атқарады.

Білім берудің рөлін арттыру жөніндегі халықаралық практикалар мен бастамаларды имплементациялау (қолдану), сондай-ақ жастардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін нығайтуға ықпал ететін болады.

Парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тақырыптары білім беру жүйесіне қосылатын болады. Баланы мектепке дейінгі жастан бастап, әртүрлі жас кезеңдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліммен сүйемелдеп отыру қажет.

Кездесу соңында Біржан Хайруллин білім беру ұйымдарының директорларын функционалдық міндеттеріне байланысты кез келген шешімдерде қырағы болуға шақырды. Сондай-ақ, білім саласында орын алған сыбайлас жемқорлық қылмастарының статистикасын келтірді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале