1.09.2016, 13:31
Оқылды: 104

Алғашқы қоңырау

1Сент.Таскала          Қыркүйектің 1-і күні Шежін мектеп-балабақшасында «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиын өтті. Жиынға аудан әкімі С.Әлиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез және Шежін ауылдық округінің әкімі Т.Шакиров қатысты.


Алдымен бірінші сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндер бір шумақ өлеңдерін жатқа айтты. Содан кейін Шежін мектеп-балабақша директоры құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар үздік ұстаздар мен оқушыларды марапаттады. Сонымен қатар жас маманды таныстырды. Келесі кезекте аудан әкімі Санжар Жұматайұлы құттықтау  сөз сөйледі. «Елбасымыздың сындарлы саясатының айқын дәлелі ретінде биыл мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыстарға 113 миллиондай қаражат жұмсалған болатын. Бүгін жаңарған мектепте талабы таудай, маңдайы жарқыраған ұландар оқуларын бастағалы отыр. Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын», - деді аудан басшысы өз сөзінде. Құттықтаудан кейін аудан әкімі С.Әлиев Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 сынып оқушыларына сыйлығы ретінде «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітабын табыс етті. Алғашқы қоңырауды соғу сәті 11-сыныптың озат оқушысы Нұргүл Душаканова мен 1-сынып оқушысы Альмира Темірболатоваға бұйырды.

Шара соңы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің аясында «Мен өз Отанымның патриотымын!» атты сабағымен аяқталды. Сондай-ақ аудан басшысы С.Әлиев мектепті толығымен қарап, жаңа оқу жылына дайындығын тексеріп шықты.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале