1.09.2016, 17:36
Оқылды: 59

Атакәсіпті өрістетуде

г-419 (1)Бисендік  Момынов Ермек 2010 жылдан бері атакәсіппен айналысып келеді. «Сатыбалды» елді мекеніндегі отбасылық қожалық (әкесі Мәлік, анасы Гүлнар, іні-келіні Тілек-Шынар) 2012 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша асыл тұқымды мүйізді ірі қара өсіруге кіріскен. Шаруаны дөңгелентуде оларға нағашысы Әділгерей мен жиені Мейрамбек зор үлес қосты. Бірлескен қимылдың нәтижесінде 2014 жыл асыл тұқымды ірі қара өсіретін шаруашылық статус алып, шетке мал сата бастайды. Лизингке 4 «МТЗ-82» тракторын, шөп шабатын «ФРФ-145» техникасын алып, жем-шөп дайындауға кіріседі. 2012 жылы асыл тұқымды 50 қашар сатып әкелсе, қазір табындағы асыл тұқымды аналық 200-дей. Бұзау, баспақ, торпақтарын қосқанда 350-ге жетіп қалады. Орташа есеппен жылда әр жүз аналыққа 90-нан төл еруде. Оған қоса үйір-үйір жылқы, 1500-ға тарта қой бар. 2015 жылы «Құлан» бағдарламасы бойынша 4 асыл тұқымды көшім айғырын сатып алған Момыновтар биыл өз қаржыларына тағы 5 айғыр алыпты. Сөйтіп, жылқы табынын да асыл тұқымдығы айналдырмақ.

Асыл тұқымды ірі қараның аналығын 500-ге жеткізуді межелеп отырған жеке кәсіпкер Е.Момынов қайырымдылық шараларынан да тыс қалмайтын көрінеді.

Екатерина Жолдығалиқызы

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале