Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевты абаттандыру мақсатында 68,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 4 көшеге ұзындығы 4,6 шақырым төсемжол салынуда. Сонымен қатар Чапаевтың 3 көшесіне ұзындығы 2,6 шақырымды құрайтын төсемжол салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда.
Жол қозғалысын ретке келтіру мақсатында Республика-Қонаев көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату жоспарлануда. Қазіргі таңда аталмыш жұмысқа жергілікті бюджеттен 4 млн. теңге бөлініп, жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда. 5 көше жолы бойына жаңадан жол белгілері орнатылды.
Сондай-ақ Чапаев ауылының ішкі 3,2, және кіреберіс жолды орташа жөндеу, Тайпақ ауылының ішкі 2,6 шақырым жолын күрделі жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалуда. Аудан орталығындағы көшелерді жарықтандыруға жергілікті бюджеттен 12,0 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
Бекем Бекұлы
Ақжайық ауданы