19.07.2016, 12:14
Оқылды: 48

Бақша баптаған жан

бақша баптағанЖәнібек ауданындағы Талов ауылдық округінің байырғы тұрғыны Ғилым Қажығалиев өзімен төрт ағайынды жігіт бірігіп, ауылдан он бес шақырымдай жерден бес гектар жер алып, бақша дақылдарын өсіруде.


-2009 жылдан бері Сарыөзеннің жағасынан жер алып, Қайдар, Асылхан, Сәлім Ғұбашев сынды аға-інілеріммен бірге осы кәсіппен шұғылданып келемін. Бақша баптап, көкөніс өсірген өзіме қатты ұнайды. Көктем шыға осында келіп, жер баптаумен айналысамыз. Қолымыздан келген агротехникалық шараларды атқарамыз. Қазір бақшалықта қияр, қызанақ, қауын, қарбыз, картоп, қырыққабат, қызылша, сәбіз, асқабақ сияқты тоғыз түрлі дақылдар өсірілуде,- дейді Ғилым Кәрімұлы.

    www.zhaikpress.kz 

 А. ЕСІРКЕПОВ

                                                                                            Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале