22.08.2016, 17:34
Оқылды: 30

Берекесі мол жәрмеңке

ярмарка20 тамызда шаһарымыздағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.


Жәрмеңкеде ет, сүт, нан өнімдерімен бірге жеміс-жидектер мен бау-бақша өнімдерінің мол түрі  және мектепке қажетті оқу-құралдар халыққа арзан бағамен ұсынылды.

Таңмен таласып жаппай жәрмеңкеге ағылған жұрттың қарасы көп болды.

Аудан әкімінің орынбасары Жаңабай Қаналин аталмыш жәрмеңке аудан басшысы Алдияр Халеловтың тапсырмасымен қолға алынғандығын айтып, жоспарлармен бөлісті. «Ақсай қаласы тұрғындарына бүгіннен бастап  арзан бағамен қолайлы жерде ашылған жәрмеңкеден қажеттіні таба алатын болады. Бұл шара қазан айының аяғына дейін аптаның әр сенбісінде өткізіледі деп жоспарлануда. Көп кешікпей бұл жерде 16 дүңгіршек қойылады. Сөйтіп ақсайлықтар енді ауылдың құрты мен майынан, айраны мен қаймағынан тарықпайтын болады. Әр сенбі сайын қала тұрғындарын жәрмеңкеге шақырамыз» - деді.

Берекелі жәрмеңкеге барлық ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтар өз өнімдері сатып, халықтың ризашылығына бөленді.

 

  Айым Нұрғалиева

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале