29.07.2016, 16:27
Оқылды: 74

Берешектерді өндіру жұмысы нәтиже беруде

Шыңғырлау ауданы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасы берешектерді  қайтару жұмысын жақсы жолға қойған. Нақтырақ айтсақ,  қосымша резервтер іздеу бойынша жүргізілген салықтық әкімшіліктендіру нәтижесінде 2016 жылдың басынан камералдық тексерулермен анықталған құқықбұзушылықтарды түзеу туралы 205 хабарламалар жолданған,  нәтижесінде 12 421,0 мың теңге салық сомасы қосымша бюджетке түсіріліпті, оның ішінде 7 304,0 мың теңге республикалық бюджетке, 4 747 мың теңге жергілікті бюджетке түскен.

Жеке тұлғаларға 4 053,0 мың теңге көлік салығының берешектерін өндіру бойынша 426 хабарлама жолданып, ал мүлік және жер салықтарынан 80,0 мың  теңгелік берешек бойынша 334 хабарламамен тиісті орын, адамдарына жеткізілген.берешек

Бүгінгі  осындай 17 хабарлама орындалып, 2629,0 мың тенге өндіріліпті, уақытында орындалмаған 1 020,0 мың теңгенің 116 ісі сотқа жолданып шешім шыққан. Соттағы қаулымен  45 хабарлама бойынша берешек алынған, сөйтіп, 383,0 мың теңге өндірілген.

2 016 жылдың 1 шілдесіне дейін  салықтардан   берешектер бойынша қарыз - 1 713,0 мың теңгені құрап, жыл басымен (2 334,0 мың теңге) салыстырғанда 27% азайған.

Бұл салық берешектері негізінен жеке тұлғалардың көлік (116 жеке тұлғадан- 1668,0 мың теңге берешек), жер (146 тұлғадан- 32,5 мың теңге) және мүлік (141 тұлғадан- 8,0 мың теңге) салықтарынан туындаған екен.

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале