23.09.2016, 9:52
Оқылды: 50

«Бірлескен әрекет көңілден шықты»

%d0%b1%d1%96%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%81%d0%ba%d0%b5%d0%bd-%d3%99%d1%80%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%82-%d0%ba%d3%a9%d2%a3%d1%96%d0%bb%d0%b4%d0%b5%d0%bd-%d1%88%d1%8b%d2%9b%d1%82%d1%8bҚазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» заңдарын басшылыққа алып, облыс әкімінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі №98 өкімімен бекітілген басқару органдарын, азаматтық қорғаныс күштері мен халықты төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындау жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес жиын өтті.

Тарқатар болсақ, 2016 жылдың 21-23 қыркүйек аралығында аудан аумағында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйесінің басқару органдарымен  төтенше жағдайларды жою және алдын алу іс-шараларын орындауға азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аудандық территориялық кіші жүйелерінің күштері мен құрылымдары және басқару органдарының қатынасуымен кешенді оқу-жаттығу жиыны  ұйымдастырылды.

Төтеншеліктердің күтпеген жағдайларға дайындығын тексеруге БҚО ТЖД бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов, азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Максим Хайрекенов, азаматтық қорғаныс басқарма бастығының орынбасары Ерлан Әлмешев, азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Асхат Бисенғалиев және төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы Жарас Көпжасаров келді.

Екі күндік оқу-жаттығудың алғашқы күнінде ауданның төтенше жағдайлар бөлімі мен басқа да құрылымдардың басшылары төтенше жағдайдың алдын алу және жою мәселелері бойынша заң талаптары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын, АҚМЖ аумақтық кіші жүйесі басқару органдарының, күштері мен құралдарының табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қаупі төңген және орын алған кезде әрекет етуге дайындығы тексеріліп, теориялық сабақтар жүргізілді.

Одан соң оқу-жаттығу жиынының екінші күні төтеншеліктер мен азаматтық қорғаныс қызметтері мен ерікті өрт сөндіру жасақтарының дайындығы тексерілді. Оған жоғарыда аталғандардан бөлек аудан әкімі Кәрім Жақыпов та қатысты.

Төтенше жағдай кезінде әрекет етудің практикалық жағы да пысықталған жаттығу барысында аудан орталығында орын алған өртті құрықтау әрекеті көрсетілді. Бұл қиындықты еңсерген  құрылымдар одан соң жол апатына ұшыраған азаматтарды құтқару ісін де ойдағыдай атқарып шықты. «Ауруға шалдыққан мал бар» деген хабарды алған азаматтық қорғаныс құрылымдары оқиға орнына жетіп, қажетті шараларды қолданып, барынша тиімді әрекет көрсете білді.

Осылайша екі күнге созылған оқу-жаттығу жиынын қорытындылаған Максим Абатұлы: -Осымен екі күнге созылған оқу-жаттығу жиындары аяқталды. Барлық құрылымдар мен ерікті өрт сөндіру жасақтарының бірлесе әрекет еткендері көңілімізден шықты. Әр құрылым өздерін жақсы қырынан көрсете білді. Бір сөзбен айтар болсам, оқу-жаттығу жиындарына жақсы деген баға беремін,-деп тексеріс барысында кеткен аз-маз қателіктерді де көрсетіп, жиынның алғашы күні өткізілген тестілеу қорытындысы мен практикалық кезеңде өздерін жақсы қырынан таныта алған Амантай Жұмақұлов, Есбол Абдолов, Сандуғаш Айтқалиеваларға алғыс хаттар ұсынды.

 

Түгелбай Бисен

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале