БҚО əкімі Алтай Көлгінов бүгін Бөрлі ауданына жасаған іссапарында Бөрлі-Ақсай-Жымпиты автожолының жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аталған жолдың 12 шақырымына "Елжас" ЖШС орташа жөндеу жүргізуде. Серіктестік директоры Амангелді Рысқалиев жөндеу жұмысын белгіленген мерзімінен бұрын, қазанның 15-інде, бітіретінін айтты.
"ҚПО б.в. басшылығы жол құрылысына негізгі қаражатқа қосымша 10 млн. бөлуге келісті. Бастысы, сапа болуын талап етеміз", - деді өңір басшысы.
Автожолдың 26-38 шақырымын жөндеуді "Перспектива КАН" ЖШС қолға алған. Серіктестік басшысы жол құрылысын жай бастағандарын мойындап, мерзімінде аяқтауға уəде берді.
Нұртай Текебаев