5 тамыз күні Егіндікөл ауылдық округінің көркемөнерпаздары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Мәңгілік ел – тірегім» атты концертік бағдарламасын ұсынды.
Концертік бағдарламада туған жер, тәуелсіздікке арналған және патриоттық бағыттағы әндер шырқалды.
Ашық аспан астында сазды сәлем жолдаған Эльдар Мұхтаров пен Ақтолқын Қуанғалиева «Сәлем, саған туған ел!», Айбек Жалмұханов «Қазақстаным» әнін орындап, көрермендер жүрегіне жол тапты.
Сазды кеш барысында Гүлмира Әуесқалиева «Тыңда», «Жұлдыз-ай» үлгілі би ұжымы «Тәжік биі», Медет Мусағалиев «Сенсің, ғашығым», Ербол Газиев «Лебізің», Бердіғали Жолдығалиев «Көрмесем болмас...», Жанат, Лунара Тасқалиевалар «Жұлдызым», дуэт «Әсем әуен» әндерін шырқап берді.
Концерт соңы «Жаса, қазақ!» әнімен қорытындыланды.
Қаратөбелік тұрғындар мерекелік концерттен риза көңілмен тарқасты.
Райымбек Абаев
Қаратөбе ауданы