Теректі ауданының Покатилов ауылдық округінде халық игілігі үшін атқарылып жатқан істер аз емес.
Округ әкімі Лунара Сердалиева берген мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда ауыл халқын жылдар бойы алаңдатып жүрген Покатилов-Жайық ауылдары арасындағы жол жай жөндеуден өтіп жатыр.
Аудандық бюджет есебінен бөлінген қаржыға «Надежда» (А.Савченко) шаруа қожалығының КамАЗ автокөлігімен аталмыш ауылдар арасындағы жолға 98 рейс қиыршық тас төселді. Оған қоса Федоров ауылынан қосымша 30 рейс қиыршық тас әкелініп, діттеген мақсатына игерілді. Жол жөндеу жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты кідіріс тапқанмен, аязды қыс қылышын сүйретіп келгенше, бұл жұмыстар өз деңгейінде аяқталады деп күтілуде.
Покатиловтағы пайдалы істер мұнымен түгесілмейді. Барбастау өзені арқылы өтетін көпірге де сән кіріп, жаңа кейіпке енді. Сонымен қатар мүгедектерге арналған пандус жөнделіп, игі істер атқарылуда.
Ауылдардағы жұмыстың қарқыны осындай деңгейде. Алдағы уақытта да халық үшін жасалынатын істер жалғасын табады деген сенімдеміз.
Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ
Теректі ауданы
www.zhaikpress.kz