Жәнібек аудандық статистика басқармасының басшысы Қуаныш Исмағұловтың бізге берген мәліметі бойынша үстіміздегі жылдың 6 айында аудандық жұмыспен қамту органдарына тіркелген жұмыссыздар саны 78 адамды құраған. Ал қоғамдық жұмысқа 327 адам тартылып, 141 адам жаңа жұмысқа орналасқан. Аталған бөлім басшысының айтуынша биыл қаңтар-маусым айларында негізгі экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 72097 теңге болған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалақы өсімі 119,8 пайызды құрайды деген сөз
Н.ЖАПАҚОВ
Жәнібек ауданы