Қаратөбе ауданында «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімділікті қамтамасыз ету, әлеуметтік транспорттық инфрақұрылым нысандарын паспорттау мен бейімдеу жұмыстарына сәйкес комиссия мүшелері рейд өткізді.
Рейд барысында комиссия мүшелері аудан орталығындағы мекемелер мен нысандарды аралап пандустар бұрышын, қадамдар биіктігін, табалдырықтар енін өлшеп талапқа сәйкес салынғандығына мән берді.
- Мүгедектігі бар адамдарға арналған инфрақұрылымдық нысандар қолжетімділігін мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлықтың қажеттілігіне байланысты қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында өткізілуде, - дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали.
Мүгедектерге әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету, транспорттық инфрақұрылым объектілерін паспорттау мен бейімдеу жұмыстарына сәйкес аудан бойынша 98 әлеуметтік инфрақұрылымдық нысан бар. Соның 39 нысаны паспорттаудан өткізілді. 30 әлеуметтік инфрақұрылым бейімделуі қажет болған болса, 12 әлеуметтік нысаны бейімдеуден өткізілді.
Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын тексеру барысында мүгедектерге қажетті жағдайлардың бәрі ескеріле бермегені анықталды. Мекеме басшылары мен кәсіпкерлер жағдайды түсініп, өзгертуге уәде берді.
Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу бойынша жүргізілген рейдтік нәтижесінде ұсынымдар әзірленді.
«Кедергісіз келешек» мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша партиялық жобасы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын көтеруді мақсат етуде.
Жұмыс тобы аудан орталығындағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралап түсінік жұмыстарын жүргізіп, нормативтік көрсеткіштер құжаттарын үлестірді.
Тоты Есқайырова
Қаратөбе ауданы