21.08.2016, 20:50
Оқылды: 31

"Керуен жолы" ЖШС құс фабрикасында жылына алты мың тонна құс етін өндіреді

птицефабрикаБатыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов Зеленов ауданында Щапов ауылында былтыр басталған құс фабрикасының құрылысымен танысты. Биыл құрылысқа "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы ауқымында "Сбербанк" АҚ арқылы 1,7 млрд. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта нысанның іргетасын құю жұмыстары жүріп жатыр. Кешен аумағында 250 адам еңбек етуде. Бас мердігер - "Керуен жолы" ЖШС. Құс фабрикасы жылына 6 мың тонна құс етін өндірмек. Құрылысқа тапсырыс берген "Жайық Агро LTD" ЖШС-ның басшысы Темірғали Ескендіровтың айтуынша, жұмыртқалар Голландиядан əкелініп, инкубаторда еті қоңды (бройллер) балапан өсіріледі. Облыс əкімі бұл жоба екі жылдан бері жоспарланғанын айта келіп, құрылысты белгіленген мерзімге сəйкес жыл аяғында аяқтауды тапсырды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале