Елімізде дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде 2011 жылдың 5 тамызда Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы жария етілген болатын. «Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда «бітімгер» деген мағына білдіреді. Бітімгершілік – қазаққа жат ұғым емес. Бұрын ұры-қарылар беделді ақсақалдардың шешімімен өз жазасын алып, екі жақ келісімге келіп отырған. Шетелде бұл тәжірибе баяғыдан қолданылып келеді. Мысалы, АҚШ (95 пайыз) пен Британияда (87 пайыз) көптеген даулы істердің басым бөлігі сотқа жетпей, бітімгершілік жолмен шешіледі. Бұл тәсіл істі созбай, жүйке тоздырмай бітіруге көмектеседі.
Аталмыш заң қабылданған жылдан бері 5 тамыз елімізде Медиация күні болып аталып өтілуде. Осыған орай 05 тамыз күні аудандық сот ғимаратында Медиация күні мерекесіне орналған«Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Ашық есік күніне аудандық ішкі саясат бөлімінің өкілі, «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұржан Таганиязов пен БАҚ өкілдері және Жаңақала ауылының кәсіпқой емес медиаторлары Өмірзақ Ақбасов пен Ғалия Егібаева қатысты. Акция барысында аудандық соттың төрағасы Асхат Ғапуов:
Одан әрі «Ашық есік» акциясына өздерін мазалаған сұрқтарына жауап іздей келеген ауыл тұрғындарын қабылданды. Көкейлерінде жүрген әртүрлі сауалдарын ортаға салып, ақыл-кеңес сұрай келген ауыл тұрғындарының сұрақтары неке бұзу, залал келтірілген мүлікке өтемақы өндіру және көптен даудамай болып жүрген күрделі жөндеуден өткен көпқабатты үйледің төлемі төңірегінде болды. Сот төрағасы мен медиаторлар әр тұрғынды мұқият тыңдап, заң тұрғысынан ақыл-кеңестерін берді.
Нұрғали Сағынғали
Жаңақала ауданы