22.11.2016, 17:39
Оқылды: 82

Мемлекет дамуының кепілі - жастар

%d0%be%d0%b1%d0%bb-%d1%84%d0%be%d1%80%d1%83%d0%bc-%d0%bc%d0%be%d0%bb%d0%be%d0%b4%d0%b5%d0%b6%d0%b8«Жас келсе - іске» - деген. Болашақтың негізі жастар деп білсек, бүгінде оларға артылған сенім мен міндет көп. Қоғамның қозғаушы күші боп саналатын жастардың аудандағы атқарып жатқан істері көңіл қуантады.


Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында ауданымызда жастардың ұйымдастыруымен ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының VI отырысы.

Бөрлі ауданы әкімінің қолдауымен оздырылып жатқан аталмыш шараға облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Кеңесары Нұршинов және облысымыздың әр ауданынан орталық басшылары келді.

Облыстағы жастар саясатын дамыту мақсатында өтіп жатқан шарада қонақтар алдымен қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың тікелей қолдауымен 100 нақты көмек жобасы аясында ашылған «Аяла» қайырымдылық дүкенінде болған қонақтар  джиу-джитсу спорттық залына барып  атқарылған жұмыстармен танысты. Қонақтар жас кәсіпкер Нұрбек Мақсотов басқарып отырған дүкенге де барды.

Шара аясында «Жетістігі мол жастар – мемлекет дамуының кепілі» атты жастар форумы өтті. Аталмыш форумға аудан жастарымен қатар мұғалімдер, сала басшылары да қатысты.

Форумда аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Ихсанов сөз сөйлеп, форумның ашылуымен құттықтады.

«Кез келген мемлекеттің дамуы, болашағы жастарына байланысты. Біздің алдымызда қойылған міндет ортақ. Ол – 30 дамыған елдің қатарына ену. Міне, осы жолда жастардың алар орны еркеше. Еліміздің мәдени, экономикалық және саяси саладағы халықаралық байланыстарын одан әрі дамуына ат салысу тек белсенді жастардың көмегімен қол жеткізуге болады. Сіздер еліміздің әлеуметтік дамуына өз үлесітеріңізді қосып келесіздер. Қазіргі таңда барлық жағдай жасалған. Әрине, жетістікке де, жеңіске де жету өз қолдарыңызда. Ел іргесі берік, келешегіміз кемел болсын» - дей келе,ел ертеңі жастарға зор сенім білдірген Еркебұлан Нұретдинұлы аудандағы жастардың қолдауымен болып жатқан шараларға ризашылық білдірді.

Жиында облыстық жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы Аян Сакошев, тәуелсіздіктің төл құрдасы, Пугачев мектебінің ұстазы, жас ақын  Өтепберген Қарасаев, аудандық жастар мәслихатының төрайымы және белсенді мүшесі, №6 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Назира Бимағанбетова, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендианты, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Раслана Салманова, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Мәлік Мукашевтер сөз сөйлеп, жастар саясатының жүзеге асырылуындағы басым бағыттарына тоқталды.

Одан кейін қонақтар әлемге аты мәлім Қарашығанақ кен орнында болып, жасалып жатқан жұмыстармен танысты.

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале