28.07.2016, 17:54
Оқылды: 64

«Мүлдем төзбеушілік» қағидалары жүзеге асуда

1401871859_pic_1358636640Жәнібек ауданында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын іске асыру мақсатында аудандық ішкі істер бөлімінде бірқатар жұмыстар атқарылған.


Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Ернар Сұлтанғалиевтың мәліметіне сүйенсек, саябақтарды, гүлзарды ластау, оның ішінде белгіленбеген орында коммуналдық қалдықтарды шығару  бойынша 32 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданған. Сонымен қатар елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін, елді мекендер инфрақұрылымы нысандарын  бұзу әкімшілік құқық бұзушылық  бағытында 49 әкімшілік хаттама толтырылған. Сол сияқты белгіленген жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегу бағыты бойынша 44 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

         Н.Жапақов
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале