5.07.2016, 11:09
Оқылды: 32

Ораза айтының алғашқы таңында

Oraza aiynyn algashky tanynda Исламдағы екі айт мейрамының бірі – Ораза айты Ақжайық ауданында  кеңінен атап өтілуде.


Мейрамның алғашқы таңында Чапаев ауылындағы мешітке жиналғандарды Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов құттықтады. Ол Айттың «бiр-бiрiмен хал сұрасу», «бiр-бiрiн қуанту», «қуанышқа топталу» деген мағына беретінін, айлардың сұлтаны болған Рамазанның мәреленгенін білдіретінін баяндай келіп, жұртымыздың бірлікке, имандылыққа ұйысуды ұғынуынан мысалдар көп екеніне шексіз қуанышын жеткізді. Oraza aiynyn algashky tanynda2
Мешітке келген тұрғындар, жамағат айт намазын оқыды.
Ол күнi ертерек тұрып, ғұсыл алып, хош иiс себіну – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүйсiнiп жасайтын әдеттерiнен едi. Сол үшін бұл амалдар мұстахаб болып саналады. Жұма күнi қандай амал сүннет болса, айт күнiнде де олар сүннет. Айтқа байланысты тағы бір хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айт күнi мешiтке барған жолмен қайтпай, басқа жолмен қайтатын едi», – делiнген. Демек, айт көпшiлiкпен дидарласып, кең ауқымда өткiзiлетiн мереке. Бір-бірімен хал сұрасқан әлеумет осындай әңгімелерді тыңдап, тағы бір жадырады.

www.zhaikpress.kz
Болат ҚОСЖАНҰЛЫ
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале