«Медиация күні» республикалық акция шеңберінде Зеленов аудандық соты ашық есік күнін өткізді. Шараны ашып жүргізген аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Амангелді Төлегенов: -Бүгінгі шарамыз арқылы барлықтарыңызды ҚХА қоғамдық медиаторларымен және медиация кабинетінің қызметімен таныстырғымыз келеді. Дауларды, кикілжіңдерді шешу мен болдырмау жөнінен медиация кабинетінің рөлін нығайтуға, ҚР «Медиация туралы» заңының қолданылуы тұрғысынан халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, медиация саласындағы ҚХА жинақтаған тәжірибені белсенді пайдалану мен оны іске асыруға, ҚХА медиация кабинетінің қызметін жандандырып, тұрғындар арасындағы даулар мен кикілжіңдерді сотқа дейін шешуге болатындығын да жеткізгіміз келеді,-деп жиналғандарға медиация туралы толық мәлімет берді. Одан соң аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ақтоты Байрамова мен Переметный ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Николай Анеципровичтер сөз сөйлеп, өз ойларын білдірді.
Түгелбай Бисен
Зеленов ауданы