11.11.2016, 12:20
Оқылды: 104

Тоғызқұмалақтан турнир өтті

%d1%82%d0%be%d2%93%d1%8b%d0%b7%d2%9b%d2%b1%d0%bc%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d1%82%d1%83%d1%80%d0%bd%d0%b8%d1%80-%d0%be%d0%b7%d0%b4%d1%8b%d1%80%d1%8b%d0%bb%d0%b4%d1%8b   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай Хан ордасы ауылында 2003-2004 жылғы және 2005-2007 жылғы жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан жекелей турнир өтті.


   Оның ашылу салтанатында Жәңгір хан атындағы орта мектептің директоры О.Түсіпқалиев ойыншыларға сәттілік тілеп, бұл бәсекеге  Орда және Бисен ауылдарынан 30-ға тарта тоғызқұмалақшы қатысты. Ұлттық ойынымызды серік етіп жүрген жас тоғызқұмалақшылар ойынында 2003-2004 жылғы ұлдар арасында ордалықтардың  бәсі биік түсіп, Темірлан Жамбылов І орынды, Бекжан Төлегенов - ІІ, Асылжан Маратов ІІІ орынды иеленді. Қыздар арасында  да ордалықтар шоқтығы биік болып Айжан Ақтөреева, Дильназ Хайырлиева, Лунара Сәрсемалиевалар тиісінше І, ІІ және  ІІІ орындарды еншіледі (барлығының жетекшісі Р.Денгизбаев).

   Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Н.САРИЕВ

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале