19.08.2016, 10:18
Оқылды: 48

Төрт мүгедек тұрақты жұмысқа орналасты

kolyaska                 Жәнібек ауданында мүгедек жандарды оңалту, олардың құқықтарын қорғау, өмір суру сапасын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Райгүл Тастенованың айтуынша, бүгінде ауданда 491 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалтуды жүргізу бойынша жыл басынан бес мүгедекке тифло-сурдо құралдар алынып берілген. Сондай-ақ  он мүгедек бала үйде оқытылып, оларға ай сайын әлеуметтік көмек төленеді. Мүгедектерді оңалту бағдарламасына сай екі мүгедек Щучинск қаласындағы шипажайға жолданса,  мүмкіндігі шектеулі тоғыз ересек адам тегін жолдамамен қамтамасыз етілді. Мемлекеттік қолдау шараларына сәйкес 4 мүгедек тұрақты жұмысқа орналастырылса, 4 мүгедек ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, әлеуметтік жұмысқа 2 мүгедек жолданған. Сол сияқты мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі бекітіліп, сол бойыша 2 мүгедек жұмысқа орналасқан.

 

Н.Өтей

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале