10.08.2016, 9:46
Оқылды: 114

Қаратөбеде медиация күні аталып өтті

Қаратөбеде медиация күні аталып өттіҚаратөбе аудандық сотының ғимаратында «Медиация күнін атап өту» туралы дөңгелек үстел оздырылды.


Дөңгелек үстелде алғаш боп сөз алған сот төрағасының міндетін атқарушы, судья Олжас Миралиев «Медиация» заңы қабылданған күнімен құттықтады.

- Медиация дегеніміз – даулармен дау шарларджы бітімшілікпен екі жаққа да пайдалы шешім қабылдау. Жалпақ тілмен айтқанда, екі тарапты бір мәмілеге келтіру. Медиация тәртібімен келісімге келудің артықшылықтарына тоқталды. Соның бірі мемлекеттік баж төленбейтіндігі, төленген жағдайда қайтарылуға жатады. Медиацияны кәсіби және кәсіби емес медиаторлар жүргізе алады, - деді Олжас Миралиев.

2016 жылы аудандық сотпен 10 азаматтық іс тараптардың бітімге келуімен қысқартылғандығы да айтылды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар медиация заңы бойынша туындаған сұрақтарды талқылап, пікір алмасты.

 

  Райымбек Абаев

                                                                                           Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале