15.12.2016, 18:17
Оқылды: 80

Қазталовта "Жыл меценаты" анықталды

screenshot_2016-12-16-12-15-10-1Қазталов аудандық Мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.


 

Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр баяндама жасап, өңірдің «Жыл үздіктерін» марапаттады, түрлі сала өкілдеріне алғыс хаттар табыс етті.

Сонымен қатар кəсіпкер Нұрлыбай Жолдыбаевқа «Жыл меценаты» атағы табысталды.
Салтанатты жиын соңында «Киелі Тәуелсіздік» атты бейнефильм көрсетіліп, жиналғандар назарына аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Кеш түсіп, қас қарайған шақта Қазталов аспанын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік отшашу көмкерді.

Қайрат Жақып

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале