Бөкей ордасы ауданының Бисен ауылында «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының төрағасы, ауыл әкімі Қ.Саматовтың төрағалық етуімен Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары –бес институционалдық реформасын» жүзеге асырудың жүз қадамын насихаттауға арналған жиын өтті. Оған ауыл тұрғындары, партия белсенділері, мекеме басшылары, еңбек ардагерлері және жастар қатысты.
Қайырсапа Саматұлы Ұлт жоспарындағы 100 нақты қадамды мемлекеттік қызметкерлердің халыққа көрсетіп жатқан жұмыстарымен ұштастырып, ауылдағы атқарылған іс-шаралар жөнінде қысқаша мағлұмат берді.
Ауылдық округ әкімінің бас маманы Е.Сапашев, әлеуметтік қызметкер А.Минажева, жастар жетекшісі Н.Өтеғалиев, орта мектеп мұғалімі Н.Насыровтар өз пікірлерімен бөлісіп, Ұлт жоспарын жүзеге асыру жолында ауылдастарын бірлесе қимылдауға шақырды.
Г.БАДЕЛОВА.
Бөкей ордасы ауданы