6.12.2016, 12:12
Оқылды: 114

Ұлы тойды ұлықтау жалғасуда

Зеленов ауданының Зеленый ауылында тәуелсіздік мерекесіне арналған «Менің тәуелсіз Қазақстаным» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды.

Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүніс арнайы қатысты. Тағылымы мол кешке келгендер алдымен ауылдық кітапхана меңгерушісі Елена Крапивина ұйымдастырған кітап көрмесін тамашалады. Көрмеде еліміздің 25 жылда жеткен жетістіктері тізілген түрлі кітаптар мен Қазақстанымыздың өткені мен бүгінен сыр шертер тарихи деректерді қамтыған әдебиеттер және ауыл тарихы туралы біраз деректер тұрды. Оның барлығымен келген қонақтарды және ауыл тұрғындарын таныстырған кітапханашы көпшіліктің ақ батасына бөленді.

Одан соң кеш ауыл көркемөнерпаздарының концертіне ұласты. Шара басында:

-Құрметті ауыл тұрғындары баршаңызды келе жатырған тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Бүгінгі мереке еліміздің татулығы мен бірлігінің мерекесі. Осындай қуанышқа сол татулықтың арқасында ғана жете алдық. Еліміз жыл сайын өркендеп, мәңгілік елге айнала берсін! Баршаңыздың дендеріңізіге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін,-деп зеленыйлықтарды  Талшынай Орынбекқызы құттықтады.

Кейін өнерпаздар күй тартып, би билеп, түрлі ұлт тілерінде әндер шырқады. Әсіресе кішкентай бүлдіршіндердің елімізді мадақтаған тақпақтарын сүйсіне тыңдаған көрермен балалардың өнеріне разы болды.

Түгелбай БИСЕН

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале