Теректі ауданының әкімі Мұрат Мұқаев аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында азаматтарды жеке қабылдады.
Жеке қабылдауға тіркелген азаматтарды мұқият тыңдаған аудан басшысы Мұрат Рахметұлы әрбір азаматқа тиісінше тұшымды жауап берді. Соның ішінде бұған дейін айтылып жүрген, өзекті болып табылатын жұмыссыздық мәселесі біртіндеп шешілетінін, алдымен талап бойынша өтініш жазып, тіркеуге тұру қажеттігін түсіндірді. Ал қожалық басшыларына жер беру мәселесі мұқият қаралып, мал басының санына орай, тиісінше жер беруге болатынын мәлімдеді. Қабылдауда болған азаматтардың бірде-бір өтініштері ескерусіз қалмады. Аудан әкімі бірқатарын бақылауына алып, жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Күлімхан Тасенова
Теректі ауданы
www.zhaikpress.kz